РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ ШАРАЛАР ПЫСЫҚТАЛДЫ
«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен қалалық «Нұр» мешітінде қала және аудан имамдарына арналған кезекті жиын өткізілді, деп хабарлайды мешіттің баспасөз қызметі.
Жиынды ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жүргізді. Жиынның күн тәртібінде, қасиетті Рамазан айына дайындық шаралары, тұрғындарды оразаның шарттарымен ақпараттандыру, 30 күнде 30 қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, Рамазан айының құрметіне шығармашылық байқау ұйымдастыру және аталмыш ай турасында бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау секілді біршама мәселелер қаралды.
Өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлы қала және аудан имамдарына артылар жауапкершілік пен қасиетті айдың маңыздылығын жете түсіндірді. Сонымен қатар ҚМДБ тарапынан болған тапсырмалар мен бұйрықтардың сапалы орындалуына баса тоқталды. Осы бағытта алдағы уақытта ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз маслихатын ұйымдастыру жоспарлануда.