«ОӨАЖҚЖ» ММ КОМАНДАСЫНЫҢ ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ, ЖАРАЙСЫҢДАР!
Үстіміздегі жылдың 18-28 мамырында алты елдің құтқарушылары «Қазқұтқару-2015» халықаралық жиын-семинарында күрделі сындардан өтуде. «Акваторидегі іздестіру-құтқару жұмыстары» сайысы тереңдігі 12 метрге дейін жететін Қапшағай су айдынында өтуде. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобынан хабарлады.
Сайыстың бастапқы кезінде екі күнге созылған «Авариялық-құтқару жұмыстары» сайысында Қазақстандық республикалық жедел құтқару жасағы алда келеді. Екінші орынды Беларусь, үшінші орынды Тәжікстан республикасының командасы қанжығасына байлады.
2015 жылдың 10 мамырында Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы командасы «Жартасты қала - Астана» сайысына қатысу мақсатында Алматы облысы Қапшағай ауданына қарай жолға шыққан болатын. Аталмыш сайысқа «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» ММ-нен 13 құтқарушы 3 техникасымен, 1 моторлы қайығымен және «Суда құтқару қызметі» ММ-нен 2 қызметкер қатысуда.
Сайыстың бастапқы кезеңіндегі жалпықазақстандық командалық есеп бойынша Солтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы алда келеді, екінші орында Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы және үшінші орында Шығыс Қазақстан облысының командасы иеленді.
«Таудағы құтқару жұмыстары» кезеңінде Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы командасы үшінші орынды иемденді. Жылдар бойғы тәжірибені шыңдай түскен жаттығулар босқа кетпеген екен. Нақты күрес пен мықты қарсыластарға қарамастан, алғашқы күндердегі қорытынды бойынша «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» ММ командасы оң нәтижеге қол жеткізіп келеді.
Сайыс күндеріндегі ауа райының қолайсыздығы онсыз да зор күш-жігерді қажет ететін күрделі сынға әсер етпей қоймады. Бірақ қатысушылар осындай кедергілерге қарамастан, белсенділігін арттыра түсті, команда абыройы үшін күрес жалғасуда!