МӘЛІК ТӨЛЕУБАЙ СЫР ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен әйел жамағаттарға және Сыр имамдарына арналған ауқымды семинарлар өткізілді, деп хабарлайды мешіттің баспасөз қызметі.
Атақты дінтанушы, теолог «Әл-Азхар» университетінің түлегі Мәлік Төлеубай қала және аудан имам-молдаларының білімін жетілдіру мақсатында өңірімізде іс-сапармен болып, мешіт қызметкерлерінің қызметі турасында біршама кездесулер өткізіп, дәрістер оқыды. Сонымен қатар, қаламыздағы бірнеше мешіттерде болып мешіт жамағаттарына уағыз-насихат айтып, оларды толғандырған сұрақтарына жауаптар берді.
Жалпы, әйел адамның исламдағы орны, діни қызметтің маңыздылығы, имамның тұлғасы, дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану жолдары бағытында тың ақпараттар мен ойлы деректер жеткізген М.Төлеубайға Сыр жұртшылығының алғысы шексіз болды.
Мұндай имамдардың білімін жетілдіру семинарлары мен жамағаттың діни сауатын арттыру шаралары алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатын болады.