«СОТ КАБИНЕТІ» ЖОБАСЫ ТАҚЫРЫБЫНДА СҰХБАТ БЕРДІ
Қызылорда облыстық сотының кеңсе басшысы Азамат Жұмамұратов «Сот кабинеті» жобасы тақырыбында жергілікті телеарнаға сұхбат берді.
Республика судьяларының VI съезінде Елбасы әділ сот төрелігінің халықтың барлық топтары үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуді, бұл істе электронды ресурстарды кеңінен пайдалануды тапсырған болатын.
«Бүгінгі күні ҚР азаматтары мен заңды тұлғалары үшін сот жүйесіне қолжетімділікті арттыру және оңтайландыру мақсатында «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі іске қосылып отыр. Енді қазақстандықтарға ақпараттық сервистердің арқасында өз үйлерінен шықпай-ақ, ғаламтор арқылы сот құжаттарымен танысу мүмкіндігі ұсынылып отыр», - деді облыстық соттың кеңсе басшысы өз сөзінде.
«Сот кабинеті» - сот органдарының сервисіне электронды түрде қолжетімді біртұтас терезе. Бұл жоба сот өндірісінің қызметін жеңілдетуге, сондай-ақ азаматтардың уақыты мен қаржысын, бюджет қаражатын үнемдеуге, сонымен қатар, сот жүйесінің жеделдігін, азаматтардың сот ақпаратына қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі