СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!
Бүгін Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі алғашқы қарлығаштарын қанат қақтырды. Бұл туралы НЗМ баспасөз хатшысы Елена Рыбина хабарлады.
101 зияткер оқушы биыл алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы тұр. Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев бітіруші түлектер мен мектеп ұжымын құттықтап, алда келе жатқан қорытынды емтиханнан сүрінбей өтуге тілегін жеткізді.
2015 жыл Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебі үшін ерекше жыл болды. Себебі Елбасы атындағы бұл білім ошағынан биыл алғаш рет 101 түлек қимастық сезіммен мектеппен қоштасуда.
Еліміздегі ең беделді оқу орындарының бірі – Назарбаев Зияткерлік мектебі биылғы оқу жылын үлкен жетістіктермен аяқтап отыр: 7 оқушымыз «Алтын белгіге», 1 оқушымыз «Үздік аттестатқа» үміткер. Сондай-ақ 9 оқушымыз 100 пайыздық білім грантын жеңіп алып Корея, Қытай, Ресей және Қазақстан елдеріндегі ең жоғары оқу орындарына жолдама алды. Сонымен қатар бітіруші 30 түлегіміз Назарбаев Университетіне, 4 оқушы – Венгриядағы университетке, 7 оқушы – Түркия еліне және 29 оқушымыз Мәскеудегі Ұлттық технологиялық зерттеу университетіне құжаттарын тапсырып, емтихан қорытындысын күтуде. Түлектерді құттықтау үшін сөз алған мектеп директоры Гүлмира Мункеева оқушылар мен ұстаздардың еңбектерін ерекше атап өтті.
Үздіктер шеруімен жүріп өткен 12-сынып оқушылары арнайы ұйымдастырған мерекелік концертті тамашалады. 7 және 8-сынып оқушыларынан құралған хор ұжымдары мектеп туралы, әсіресе ұлағатты ұстаздар қауымына риясыз алғысы туралы түрлі өлеңдерді жырлап, керемет биден шашу шашты. Сондай-ақ бітіруші түлектер білімнің «Алтын кілтін» артынан ерген 11-сынып оқушыларына табыстап, «Алтын белгіге» үміткер Нұрсайын Бақыт қайталанбас қызықтарға толы естен кетпес «Естелік» кітабының лентасын қиып ашты және аңсау мен арман сезімдері астасқан, шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлектер төменгі сынып оқушыларына өздерінің жылы лебіздерін жеткізді. Мерекелік шара соңында соңғы қоңыраудың үні естіліп, бітіруші түлектер мектептің әнұранын орындады және «Ақ жол, түлек -2015!» деп бейнеленген әуе шарлары мен көгешіндерді аспанға ұшырды.
Айта кетейік, мектептің қызу жұмысы бұдан әрі жалғасын тауып, алдағы уақытта оқушыларға арнап жазғы шаралар өткізіліп, «Туған елге тағзым» атты өлкетанымдық экспедициялары мен өзге қалалардағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне саяхаттар ұйымдастырылады. Сонымен қатар 7 оқушы Малайзия мен АҚШ мемлекеттерінде физика, химия және биология пәндері бойынша өткізілетін элективті курстарға қатысып, білімдерін жоғарылатпақ. Ал келесі 2015-2016 оқу жылынан бастап мектебімізге 7-сыныптарға жаңадан қабылданған 100 оқушы оқуларын бастайтын болады.