ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында Оралхан Бөкей атындағы облыстық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Бұл туралы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Байқауға Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары, Байқоңыр мен Қызылорда қалаларының мектеп оқушылары және арнаулы орта оқу орындары мен халыққа қызмет көрсету саласы бойынша 16-22 жас аралығындағы 20 талапкер қатысты .
Байқауға қатысушылардың шеберліктерін Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметшілердің біліктілігін арттыру институтының оқытушысы, педагогика ғылымдарының докторы, «Ыбырай Алтынсарин» медалінің иегері Рахат Наурызбаева бастаған қазылар алқасы бағалады.
Байқаудың сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, көркем мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, сахналық киім сәніне баса назар аударды.
Байқау қорытындысы бойынша Қазалы ауданы, №249 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Динара Нұрлыбай І орынды, Қызылорда облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері Несібелі Файзуллаева ІІ орынды, Қызылорда қаласы №10 мектептің 10-сынып оқушысы Азат Қаракеев ІІІ орынды иеленді.
Ал, Байқоңыр қаласы, М. Әуезов атындағы №6 мектептің 10-сынып оқушысы Жұлдызай Кеңесбекова, Жаңақорған ауданының №194 және №54 орта мектептерінің 10-сынып оқушылары Құралай Омарова мен Сәкен Парманқұл ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Байқау жеңімпаздары басқарманың дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Облыстық байқаудың жеңімпазы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының жолдамасымен қыркүйек айында Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі аясында өтетін республикалық байқауға қатысады.