ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек алуын болдырмау мақсатында қалалық мәдениет және демалыс паркінде Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің ұйымдастыруымен «Жастар есірткіге қарсы!» ұранымен флешмоб өткізілді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш шараға қала орталығындағы 16 білім беру орындарынан 1000-нан аса оқушы және студент жастар қатысты.
Шараға қатысушылар өздерінің биімен есірткіден азат қоғамды қалайтындықтарын білдіріп, барлығын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Шара соңында полиция қызметкерлері барлық қатысушыларға алғыстарын білдіріп, Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің атынан Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Айта кетерлік жағдай, аталмыш сайыс облысымыздың барлық аудандарында да өткізілген болатын.