«ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ»
Қызылорда медициналық колледжінің ғимаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қолдауымен «Туған жер» қоғамдық қозғалысы Қауымдастығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру мақсатында семинар ұйымдастырды.
Семинарда жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының ұстаздары мен студенттері, мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Семинар барысында шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Абай Батырбаев Департаменттің мақсатын, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар туралы түсіндірме берді. Сондай-ақ, осы тақырыпта бейнероликтер көрсетіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының негізгі бағыттары түсіндірілді.
«Туған жер» қоғамдық қозғалысы Қауымдастығының төрайымы Құрманкүл Ерімбетова өздері тарапынан атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстары туралы мәлімет берді.
Алдағы уақытта осындай семинарлар облысымыздың басқа да өңірлерінде өткізу жоспарланып отыр.