СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУДА ПОЛИЦЕЙЛЕР КҮШЕЙТІЛГЕН ТӘРТІПТЕГІ ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШПЕК
Бүгін «Соңғы қоңырау» шарасын мерекелеу қарсаңында қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтарды ескерту және жолын кесу бағытында тәртіп сақшылары күшейтілген жүйеде қызмет атқаратын болады, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Облыс көлемінде жалпы 128303 бала білім алатын 292 орта мектеп бар. Ал осы мектептерден 11-сыныпты 6452 мектеп бітіруші аяқтайды. Бүгін облыс бойынша қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барлығы 563 қызметкер және 108 қызметтік автокөлік жұмылдырылатын болады. Оның ішінде Қызылорда қаласында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 182 қызметкер және 39 автокөлік қызмет атқару жоспарлануда.
Сонымен қатар «Соңғы қоңырау» шарасы қарсаңында мектеп бітіруші түлектер мен оқушылардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау, төтенше жағдайларға жол бермеу, мектеп бітірушілер мен басқа да адамдардың денсаулықтары мен өмірлеріне қауіп төндірмеу мақсатында автокөлік шеруіне және оқушылардың дария жағасына барып, суға шомылуларына қатаң тыйым салуға ықпал жасау жөнінде облыс әкімінің орынбасарына, қала және аудан әкімдеріне ұсыныстар жолданды.