ҚЫЗЫЛОРДАДА 3 КҮНДЕ МЫҢНАН АСА АЗАМАТ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Ағымдағы жылдың мамыр айының 18 мен 22 аралығында Қызылорда облысы аумағында «Заңсыз келуші-2015» жедел профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңі өткізілуде.
Аталған іс-шараның мақсаты – ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің аумағында үшінші елдер азаматтарының заңсыз көші-қонына және адам саудасына қарсы іс-қимыл жасау болып табылады.
Аталған іс-шара бойынша Қызылорда ОІІД-нің күші мен құралдары жұмылдырылып, шараның 3 күнінде Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасын бұзған 1067 азамат анықталды, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі. Оның 1062 – жақын шетел, 5 – алыс шетел азаматтары.
Бұл азаматтардың ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша шетелдіктің уақытылы тіркелуін қадағаламай, заңсыз тұрғынжай бергені үшін Қазақстан Республикасының 76 азаматына қатысты хаттама толтырылып, ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша шетелдіктің жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының 45 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тұрғылықты мекенжайы және құжаты жоқ 33 шетел азаматы қабылдау-тарату орындарына жатқызылып, сот шешімімен 38 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 393-бабы бойынша шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ел аумағынан шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамағаны үшін 4 қылмыстық іс қозғалды.
Мәселен, ағымдағы жылдың 19 мамырында арнайы рейдтік тексеріс жұмыстарының барысында, қала орталығындағы үй-жайлардың бірінде еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген 1986 жылы туылған Өзбекстан Республикасы азаматының жеке басын анықтайтын құжаттары тексерілді.
Тексеру кезінде, бұл азаматтың 17.03.2015 жылы Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған қатысты әкімшілік жолмен республика шегінен шығарып жіберу туралы шешім қабылданғандығы анықталды.
Алайда, жоғарыда көрсетілген азамат өзіне қатысты шығарылған шешімді орындамай, шетел азаматы бола тұра ҚР заңнамасына бағынбағаны белгілі болды.
Қазіргі таңда, аталған азаматтың үстінен ҚР ҚК-нің 393-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.