МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН САБАҚ
20 мамырда Қызылорда облыстық ана мен бала орталығында Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы А.Кеңесова аталған мекеменің қызметкерлеріне «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақта өрт қауіпсіздігінің негізгі 4 сұрағы қаралды:
1) Көмірқышқыл отбасқыш. Құрылымы, пайдалану тәсілдері.
2) Ұнтақты отбасқыш. Құрылымы, пайдалану тәсілдері.
3) Алғашқы өрт сөндіру құралдарының өрт қалқандары.
4) Өрт кезіндегі іс-әрекеттер.
Іс-шараның мақсаты тыңдаушыларға түрлі отбасқыштың құрылымымен таныстыру, оларды пайдалану және күтім жасауды, өрт қалғандардың, өрт крандарының жиынтығымен, оларды қолдануды түсіндіру, сонымен қатар мекемелерде өрт болған жағдайда қызметкерлердің іс әрекеттерін үйрету болды.
Іс-шара барысында орталық қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары арнайы слайдтық сүйемелдеу арқылы жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі жөнінде бейнероликтер көрсетілді. Семинар-сабаққа Ана мен бала орталығының 150 қызметкері қатысып, оларға қаупсіздік шаралары жөнінде үнпарақтар таратылды.
Қызылорда қаласы
Төтенше жағдайлар басқармасы