«ҚАНАТТЫ ҚАЛАМ-2015» АТТЫ БАЙҚАУ ЖАЙЛЫ ЕРЕЖЕ
Жалпы ереже
1. «Қанатты қалам - 2015» байқауы облыстық деңгейде ұйымдастырылады.
2. Байқаудың үйлестірушісі және ұйымдастырушысы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы.
Байқаудың мақсаты
3. Облыстағы журналистердің шығармашылығының дамуына қолдау көрсету.
4. Облыстың оң имиджін ақпараттандыруға үлес қосу.
Байқаудың тақырыбы
5. «Қанатты қалам - 2015» байқауы.
Байқауда қамтылатын номинациялар
6. - «Үздік сюжет»;
- «Үздік бейнеролик» (мәтін болу міндетті емес, әуенмен көрікті жерлердің бейнесін көрсетуге де болады);
- «Үздік очерк»;
- «Үздік сарапшы» (телеарна);
- «Үздік сарапшы» (газет);
- «Үздік фоторепортаж»;
- «Үздік әмбебап тілші»;
- «Үздік телеоператор»;
- «Үздік телережиссер»;
- «Үздік насихатшы»;
- «Үздік журналистік зерттеу»;
- «Сәтті бастама» (жас журналист);
- «Үздік жоба» (Жақсы танылған айдар, бағдарлама, мақала жиынтығы болуы мүмкін);
- «Үздік тележүргізуші»;
- «Үздік аудандық газет»;
- «Үздік дизайн» (жақсы дизайнмен шығатын газеттер);
- «Үздік монтажер»;
- «Қамкор журналист» (сюжет немесе мақаласына кейіпкер қылған адамның мәселесінің шешілуі);
- «Заманауи журналист» (соңғы технологияны жетік меңгеріп, оны үздік насихаттап журген журналист);
- «Жаңалық жаршысы» (жылдам ақпарат таратушы).
Байқауды ұйымдастыру және оған қатысушыларға қойылатын талаптар
7. Байқауды ұйымдастырып, өткізу мақсатында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан Ұйымдастыру комитеті құрылады. Ұйымдастыру комитетінің құрамын Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы бекітеді.
8. Байқау 2015 жылғы 15 қаңтар мен 15 маусым аралығында жарық көрген жарияланымдарды, эфирден өткен хабарларды қамтиды.
9. Байқау материалдары жарияланған күйінде (газет-журналдар беттерінде, бейне және аудиотаспалар түрінде) тиісті баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары жетекшілерінің ұсынысы бойынша қабылданады.
10. Байқау материалдарын сараптау барысында тақырыптың өзектілігі және маңызы, мазмұнының ашылу тереңдігі, шынайылығы, жанрлық шарттарға сәйкестігі, жаңа әдіс, соны стильді қолданысқа енгізе білуі, тілі және стилінің ұғынықтылығы, журналистік шығармашылық әдістерінің ерекшелігі, тың ақпаратты сараптау мен зерттеу әдістерін енгізе білу ерекшелігі, ұтымды қолдана білуі есепке алынады.
Байқау материалдарында Елбасының биылғы Жолдауы, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында облыста атқарылып жатқан жұмыстар, жалпы аймағымыздың оң имиджін қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар, идеялар қамтылуы тиіс.
11. Байқауға қатысушылар Ұйымдастыру комитетіне (Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі, нөмірсіз, Қызылорда облысы әкімдігі ғимаратының № 313-бөлмесі, байланыс телефондары:60-53-21) мынадай құжаттарды қоса жібереді:
1) төмендегі деректер көрсетілген өтініш:
- автор туралы мағлұматтар /туған жері, күні, айы, жылы, ұлты/;
- жұмыс немесе оқу орны, қызметі, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс құралдары.
2) байқау материалы жарияланған газет, журналдың көшірмелері (сканер арқылы), теле-радио бағдарламалардың DVD, CD форматындағы дискілерге жазылған нұсқасы (қағазға түсірілген нұсқасымен бірге).
12. Байқауға жіберілген материалдар авторларға қайтарылмайды.
13.Байқауға ұсынылған материалдарды қазылар алқасы бағалайды. Қазылар алқасының құрамы Ұйымдастыру комитетімен анықталады.
Байқауды өткізу және қорытындысын шығару тәртібі
14. Байқау үш кезеңнен тұрады:
1) 2015 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін – байқауға қатысушылардан материалдарды қабылдау;
2) 2015 жылғы 16 маусымнан 20 маусымға дейін – материалдарды сараптау және жеңімпаздарды анықтау;
3) Байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі «Қанатты қалам – 2015» журналистер форумында өтеді.
15. Байқау жеңімпаздары Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан дипломмен, арнайы сыйлықтармен марапатталады.