ҚЫЗЫЛОРДАДА 1000-НАН АСА ЖАСТАР СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ТҮРЛЕРІНЕН БАҚ СЫНАДЫ
Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің ұйымдастыруымен «Жастар есірткіге қарсы!» тақырыбында орта мектеп оқушылары мен студенттер арасында спорттық- эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Сайыстың мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануға баулу болып табылды.
Сайыскерлер өздерінің жүгірудегі, кедергілерден өтудегі, секіргішті қолдану мен футбол, баскетбол, теннис спорт түрлерінің негіздерін игергендіктерін көрсете білді. Аталмыш жарыстарға облыс көлемінде 30 білім беру орнынан 1000-нан астам оқушы, студенттер қатысты.
Аталған жеңімпаздар Қызылорда ОІІД басшылығы тарапынан дипломдармен марапатталып, естелік сыйлық ретінде нағыз спортшыға қажет заттар ұсынылды.