СОТ ҚҰЖАТТАРЫМЕН ҒАЛАМТОР АРҚЫЛЫ-АҚ ТАНЫСУҒА БОЛАДЫ
Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында облыстық сот кеңсесінің ұйымдастыруымен «Сот кабинеті» жобасы тақырыбында семинар өтті.
Бүгінгі күні ҚР азаматтары мен заңды тұлғалары үшін сот жүйесіне қолжетімділікті арттыру және оңтайландыру мақсатында «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі іске қосылып отыр. Енді қазақстандықтарға ақпараттық сервистердің арқасында өз үйлерінен шықпай-ақ, ғаламтор арқылы сот құжаттарымен танысу мүмкіндігі ұсынылып отыр.»
Жиын барысында қатысушылар назарына тақырыпты кеңінен ашу мақсатында арнайы слайдпен дайындалған ақпараттар ұсынылып, баяндамалар оқылды.
Семинарға қатысушылар алдағы жұмыстарына қажетті тың мәлімет алып қана қоймай, оны іс жүзінде жүзеге асыру тәртібімен танысты. Жиын соңында олар бүгінгі алған ақпаратты жұмыс барысында қолдану жөнінде ортақ шешімге келді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі