ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ САЙЫС
19 мамырда Қызыл Ай Қоғамы Қызылорда облыстық филиалымен Қызылорда қаласы ТЖ басқармасы бірлесіп «Оқушылар сарайы» саябағында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнап 10 сынып оқушылары арасында «Алғашқы медициналық көмек және төтенше жағдайдағы әрекет» атты сайысы өткізілді. Сайысқа қала аумағынан 14 мектеп қатысты.
Сайыс 4 кезеңмен өткізілді:
1)Саптық дайындық
2)Газқағарды уақытқа кию.
3)Алғашқы медициналық көмек көрсету.
4)Сұрақ – жауап.
Сайысқа Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы, «Стадион» МКК Дәрігерлік дене шынықтыру бөлімі, Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандары төрешілік жасады. Сонымен қатар, іс-шара барысында қатысушыларды «ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметкерлері және «ОӨАЖҚЖ» ММ қызметкерлері құтқару және өрт сөндіру құралдарымен таныстырып, көрме жасады.
Бұл іс-шараның мақсаты жасөспірімдерді шынықтыру, төтенше жағдайлар орын алған кезде атқаруы қажетті алғашқы іс-әрекетті шыңдау, салауатты өмір салты жөнінде ой-өрістерін дамыту, еңбекке баулу және келешектегі мектеп бітіруші түлектерді ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына оқуға талаптануға насихаттауды жандандыру болып табылады.
Сайыс өз мәресіне жеткенде жеңімпаздар арнайы сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.
Қызылорда қаласы
Төтенше жағдайлар басқармасы