«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен Қызылорда қаласындағы №12 орта мектептің бесінші сынып оқушыларының арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты спорттық эстафета жарысы ұйымдастырылды.
Спорттық жарысқа «Тұлпар», «Болашақ» және «Денсаулық» атты үш топ қатысты. Жарыс барысында топтар өздерінің спорттық дағдыларын көрсетті.
Қатысушылар өздерінің тез жүгіре алу, айналма сыммен айналу және тағы басқалары бойынша қабілеттерін көрсету қажет болатын. Ал, «Арқан тарту» жарысы барысында өз күштерімен бірліктерін байқатты.
Жарыс жанкүйерлеріне де, қатысушыларына да көңілді өтті.
Шара қорытындысымен, Департаменттің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Берікбол Байхожаев барлық қатысушы құрамалармен ұйымдастырушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіріп, бала – ата-ана қуанышы, еліміздің болашағы, сондықтан да, Елбасымыз бен мемлекетіміз өскелең ұрпақтың дені сау, саламатты және бақытты болып өсуіне көп көңіл бөлуде. Осыдан болса керек, Департаменттің басты мақсаттарының бірі – жеткіншектер бойында жемқорлық көріністеріне деген «нөлдік төзімсіздік» деңгейіндегі азаматтық көзқарасты қалыптастыру болып табылады.
Құрамалар мақтау қағаздары мен сыйлықтармен марапатталды. Бұл жерде жеңу немесе жеңілу маңызды болмады. Бастысы – бірлік және өзара ынтымақтастық.