ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРГЕ ЖОЛ БЕРМЕГЕН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ӘКІМШІЛІК ШАРА КӨРІЛДІ
Республика көлемінде өткізіліп жатқан «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында облыс орталығында әкімшілік полиция басқармасының жол патрульдік полиция рота инспекторлары мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен рейдтік шара ұйымдастырылды. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Рейд барысында ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы бойынша жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермегені үшін 7 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Мәселен, кешкі сағат 19:30-да қала орталығындағы Қазыбек би–Қазантаев көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін «Газель» маркалы қоғамдық автокөлігі тоқтатылды. Газельдің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, алдағы уақытта жол қозғалысы ережелерін сақтап, жол қозғалысына қатысушыларын сыйлау керектігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Дәл осы күні сағат 20:31-де Қазыбек би–Қазантаев көшелерінің қиылысында «Фольксваген Пассат» маркалы автокөлігі жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін тоқтатылып, жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.