ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Студенттер сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің өкілдері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жас ғалымдары және және білім алушыларымен кездесті. Басқосуға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары Махмут Томанов, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері Сұлтанқожа Амитов, Нұрхат Жакиев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының бас маманы Роза Едигеева қатысты. Шараның мақсаты – жастардың шығармашылық ынтасын жандандыру, талантты оқытушылар мен білім алушылардың шығармашылық тұрғыда өсуіне көмек көрсету, ғылыми байқауларға қатысуға үміткер студенттер мен жас ғалымдардың бастамаларына қолдау көрсетуге бағытталған ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қызметін таныту мен насихаттау.
Жиында Елбасы қоры жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің қызметі, жыл сайын өткізілетін байқаулар мен іс-шаралар, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры грантына өтінімді рәсімдеу мен құжаттар жиынтығын ұсынудың жалпы ерекшеліктері таныстырылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры баспадан шығарған кітаптарын университеттің ғылыми-техникалық кітапханасына сыйға берді. Жиын соңында университеттің жас ғалымдары Елбасы қоры жанындағы Жас ғалымдар кеңесі мүшелеріне онлайн-конференция ұйымдастыру жөнінде және қордың жұмысын жетілдіру бойынша басқа да келелі ұсыныстарын айтып, өзара пікір алмасты.