ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕР ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ІІІ СЛЕТІНДЕ #LIKE #KAZAKHSTAN ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
#like #kazakhstan - шетелдегі Қазақстандық студенттерді біріктіруге көмектесуге арналған байқау. Байқаудың негізгі мақсаты - жаңа технологиялар арқылы Қазақстанның беделін көтеру. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстанның шетелдік студенттер ұйымдарының ІІІ Слетінде Мәскеудегі қазақстандық студенттер қауымдастығының көшбасшысы Бахтияр Қожамжар мәлім етті.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Instagram әлеуметтік желілерінің пайдаланушылары күн санап көбеюде.
«Студенттерді біріктіру үшін әрбір студент өз үлесін қоса алатындай Instagram қолдануды жөн санадық. Байқау 12 ай бойы жалғасып, әр айда Қазақстанға қатысты өз тақырыбы болады. Байқауға қатысу үшін сіздің Instagram аккаунтына ие болып, ай тақырыбы бойынша фото жасап, #Kazakhstan #Alemzhastary + #ай тақырыбы+7 =10# өзіңізге керек хэштегтермен белгілеу қажет», - деп түсіндірді Б.Қожамжар.
Сондай-ақ ол барлық фотолар міндетті түрде позитивті және тақырыпқа сай, екі негізгі хэштегке қатысты, барлық этикалық нормаларды сақтаған болуы тиіс екенін жеткізді.
«Әр айдың соңында лайктар саны бойынша жеңімпаз анықталып, «Болашақ» қауымдастығы қамтамасыз еткен бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады», - деп атап өтті белсенді.
Б.Қожамжардың айтуынша, 12 ай қорытындысы бойынша байқаудың бас жүлдегері келесі жылғы Слетте анықталатын болады.