«АБАЙ ОҚУЛАРЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
2015 жылғы 19 мамырда Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту мақсатында «Абай оқулары» облыстық байқауы өткізілді.
Байқауға Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының арнаулы орта оқу орындарынан 16-22 жас аралығындағы 10 талапкер қатысты.
Байқауға қатысушыларды басқарма басшысының орынбасары Е.Меңлібаев құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқауға қатысушылардың шеберліктерін «Болашақ» университетінің оқытушысы, доцент, филология ғылымдарының кандидаты Тайманова Сара Тамшыбайқызы бастаған қазылар алқасы бағалады. Байқаудың сарапшылары талапкерлер өнерін бағалау кезінде көркем мәтінді талғау және оқу шеберлігіне, қазақ тілінде орфоэпиялық нормаларын сақтап, таза сөйлеуіне, ән орындау шеберлігіне, сахналық өнер көрсету мәдениетіне және қазақтың ұлттық киім үлгісіне баса назар аударды.
Байқау қорытындысы бойынша Қармақшы ауданы, №108 орта мектептің 10-сынып оқушысы Чинар Мурсалова І орынды жеңіп алса, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Камила Минулина ІІ орынды, Қазалы ауданы, №16 орта мектептің 11-сынып оқушысы Дильшат Шадымұратова ІІІорынға ие болды.
Ал, Қызылорда медициналық колледжінің студенті Алевтина Пусурманова, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің студенті Кристина Тигай, Жалағаш ауданы орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінің мейірбикесі Виолетта Бондаренко ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Байқау жеңімпаздары басқарманың дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Облыстық байқаудың жеңімпазы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының жолдамасымен қыркүйек айында Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі аясында өтетін республикалық байқауға қатысады.
Қызылорда облыстық ішкі саясат
басқармасының баспасөз қызметі