ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТУ ШЕҢБЕРІНДЕ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту шеңберінде Қорқыт Ата атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Тарих, құқық және экономика» факультетінің Құқықтану кафедрасының студенттерімен кездесу ұйымдастырды.
Судья С.Утегенова студенттер алдында «Қазақ хандығын қалыптастыру мен нығайтудағы Қазақ елінің құқығы және билер сотының төрелігі» тақырыбында дәріс оқыды. Судья өз баяндамасында билер институтының Қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы рөлі, халық бірлігін сақтауға қомақты үлес қосқан хандар мен билер туралы айтып өтті. Олардың ішінде Жәнібек пен Керей, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
Сонымен қатар, Қазақ хандығының негізгі құқықтық нормалары: «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның Жеті жарғысы талқыланды.
Студенттер тақырыпты талқылауға белсене қатысты.
Аталған іс-шара жас ұрпақтың бойындағы қазақстандық патриотизмді насихаттауға, елдің тарихын зерттеуге деген қызығушылықты арттыруға, мемлекеттілік пен тәуелсіздік құндылықтарын күшейтуге бағытталған.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі