ЕҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
«Ізденіс жолы» қоғамдық қорымен «Мәртебе.kz» білім сайты бірлесе отырып, республика мұғалімдері арасында «Ең үздік 20 мұғалім» жобасын іске асырған болатын. Аталған жобаның қорытындысы есебінде 18 мамырда Қызылорда қаласында «Білім қоғамы. Сандық дәуір. Ақпараттық қолжетімдік: технологиялар, проблемалар, шешімдер» атты ғылыми-тәжірибелік конференция және байқау қорытындысы өткізілді.
Еліміздің өзге де аймақтардан қатысқан білім саласының мамандары конференция барысында өзекті мәселерді талқылап, өз ойларын ортаға салды. Шара барысында ақпараттық қолжетімдік сапалы білім беру, әлеуметтік желі мүмкіндіктері жайлы мәселелер көтеріліп ЖОО-ның профессор оқытушылары методикалық әдістерімен бөлісті. Алматы, Семей, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент қалаларынан келген ұстаздар да өз тәжірибелерін ортаға салды. Сайт желісінде ұйымдастырылған сайысқа ел аумағынан жалпы 187 ұстаз қатысып соның 12 ақтық мәреге жетіп арнайы марапатталды.