РЕСЕЙЛІК ӘРІПТЕСТЕРІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА АВТОКӨЛІКТЕРДІ ТАНЫСТЫРДЫ
Кеше Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті ғимаратының ауласында Ресей Федерациясы «Құтқару құрал-жабдықтары» ЖАҚ-ның мамандары Қызылорда облысындағы әріптестеріне және басқа да салаға қатысты мекеменің басшыларына «Басқару бекеті», «Радиациялық-химиялық қорғау автомобилі», «Реаномобиль» секілді автокөліктері және ондағы құтқару құрал-жабдықтарымен таныстырды. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Ресей Федерациясының мамандарының бірігіп тәжірибе алмасу ретінде өткен көрме өткізілді. Іс-шараның соңында Ресейлік мамандардың топ басшысы Бабичев Валерий Алексеевич өз тарапынан Қызылорда облысындағы әріптестеріне алғыс білдірді. Аталмыш көрме жөнінде жергілікті «Қоғам ТД» телеарнасы арқылы насихатталды.