НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысындағы өртке қарсы қызметтің гарнизонындағы қызметкер «Химиялық-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі» ғимаратында өрт - тактикалық жаттығуы өткізілді. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады. Мектеп ғимараты бірнеше ірі блоктан құрылған: оқу, жатын және спорттық.
Сағат 16:00 де диспетчерлік қызметтің «101» оператор тетігіне кезекші мектептен шартты өрт туралы қоңырау түседі. Жаттығуының түпкі ойы бойынша жану екінші қабаттың «Д» блогындағы кабинетте болды. Алғашқы өрт есебі келерге дейін мектеп әкімшілігі 697 оқушыларға эвакуация жасады және түгендеу жүргізді. Дер кезінде келген өрт сөндірушілер әр блокты мұқият тексеріп, бағдар жасады және өртті сөндіруге кірісті.
Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ жаттығуына 7 техника және жеке құрамның 46 адамы қатысты. Сондай-ақ, өзара әрекет жоспары бойынша қаланың арнайы және авариялық қызметтері келіп жетті.
Жаттығудың қорытындысын шығара отырып, Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ өртке қарсы қызмет полковнигі О.Жұмабеков жаттығу барысында бөлімшелердің жеке құрамының меңгеру әрекетіне ерекше назар аударылғандығын айтып өтті. Өткізіліп жатқан жаттығу барысында құтқарушылар өздерінің дағдыларын арттырады және өрт қаупі жағдайындағы мектеп қызметкерлерін жаттықтырады.