АРАЛ МЕН БАЙҚОҢЫР – ТУРИСТЕР ҮШІН ТАРТЫМДЫ ОРЫНДАР
Қазақстанда индустриалды туризмге жаны құмар адамдардың қызығушылығын оятатын екі объект бар. Соның бірі – Сыр өңіріндегі Байқоңыр ғарыш айлағы болса, екіншісі – Арал қаласы.
«Туризм и отдых» газетінің tio.by порталы жазғандай, кейбір агенттіктер жұлдызды қалашыққа сапарын ғарыш кораблінің ұшырылымына туралайды. Мысалы, кезекті «Союз» кораблінің ұшырылымы осы жылдың 25 қыркүйегіне жоспарланған. Туристер бірнеше тонналық зымыранды алып шығу және оны старттық кешенге орналастыру сәтіне куә бола алады. Одан бөлек, негізгі және қосалқы экипаждың баспасөз мәслихатына қатысып, ғарышкерлердің мемлекеттік комиссиясының баяндамасын тыңдай алады.
Арал теңізіне баруға ниеттілердің Астанадан Аралға жету үшін бір тәуліктен астам уақыт керектігін ескергені жөн. Сондықтан Қызылорда қаласына дейін ұшақпен (көп болса, бір жарым сағат) келіп, ескі портқа теміржол көлігімен жеткен ыңғайлы. Онда «өлі корабльдер бейітіне» соқпай кету мүмкін емес. Қала берді, теңіздің солтүстік бөлігін сақтап қалу мақсатында салынған Көкарал бөгеті бар. Мұнда тұзды суға шомылуға болады. Үш адамнан құралған топ үшін саяхат құны – 28 мың рубль шамасында. Трансфер мен гидтің қызмет ақысы соның ішінде.