ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Салық кодексінің 645 бабының 1 тармағына енгізілген толықтыруларды түсіндіруге арналған семинар-кеңес өткізілді. Оған салық төлеушілер шақырылды, және «Қазақтелеком» АҚ-ның мамандары, БАҚ өкілдері қатысты. Семинарды Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Дүйсенбаев Әуезбек жүргізіп отырды.
2015 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданыста болатын бақылау кассалық машина туралы түсініктеме берілді, қатысушылар өз сұрақтарына жауап алды.
Деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану, бензинді, дизель отынын, алкоголь өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілерге, ақшалай есеп айырысулар арқылы сауда операциялары кезінде, міндетеледі. Бұл бақылау касса машиналары салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша жедел режимде беруді қамтамасыз етеді.
Семинарға қатысушы салық төлеушілердің пайдалануға болатын бақылау кассалық машиналары туралы, бақылау кассалық машиналардың техникалық жұмыстарын жүзеге асыру, оларды орналастыру бойынша сұрақтарына «Қазақтелеком» АҚ-ның өкілдері жан-жақты түсініктеме берді.
Қызылорда облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаменті