ТҰРҒЫНДАРҒА ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫН ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы 2015 жылдың 18 мамырында «КазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда облысы филиалы қызметкерлерімен бірлесіп «Тұрғын үйдегі газ жарылысын жою» тақырыбындағы бірлескен жаттығу мен «Газ қондырғысын қолдану кезіндегі қауіпсіздікті сақтау» тақырыбында «Сәулет» мөлтек ауданы тұрғындарына үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Бұл туралы Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараның мақсаты - төтенше оқиғаларда шараларды бірлесіп атқару, халыққа газ қондырғыларын қолдануда қауіпсіздікті сақтау, орын алған оқыс оқиғалармен таныстыру, түсіндірме жүргізу. Сонымен қатар, аталған шараға Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасында «Төтенше жағдайлардан қорғау» мамандығымен тәжірбиеден өтуші «Абылай хан» колледжінің студенттері қатыстырылып, жас буын құтқарушыларға бағыт-бағдар берілді.
Іс шара барысында үн парақтар таратылып, бұқаралық ақпарат қызметі арқылы насихаттау мақсатында, «ҚоғамТВ» телеарна өкілдері шақырылып, қатыстырылды. Басқармамен үгіт-насихат жұмысы қарқынды жүргізілуде.