ҚЫЗЫЛОРДАДА КҮЗЕТ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛҒАН ҮЙ-ЖАЙЛАРДЫҢ САНЫ АРТУДА
Бүгінгі таңда облыс аумағында 3468 күзетшімен қамтылған 77 күзет ұйымдары жұмыс жасайды. Жалпы 160 жеке күзет ұйымдары тіркелген, оның 33-і Қазақстан Республикасының басқа аймағынан келген күзет қызметімен айналысатын филиалдар болып табылады. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша 488 үйлер мен пәтерлер күзетке алынса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 2 есеге өсіп, күзетілетін үй-жайлардың саны 979-ды құрап отыр.
Пәтер ұрлықтарына талдау жүргізу барысында 2012-2015 жылдары аралығында күзетке алынған үйлер мен пәтерлерде ұрлық қылмысы мүлдем орын алмағаны анықталды. Қазіргі таңда, пәтер ұрлықтарының алдын алу бағытында көп қабатты үйлердің подъездерінің есіктеріне домофондар орнатылып, бұл құрылғының үй-жайларды күзету, тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы тиімді жақтары түсіндірілуде.