ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҚАЙЫРШЫ» ЖПІШ-НЫҢ 4 КҮНІНДЕ 127 АЗАМАТ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, облыс көлеміндегі қоғамдық орындар мен көпшілік қауым шоғырланған жерлерде кәсіпкерлік негізіне жатпайтындай мақсатпен табыс табумен, яғни бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру деректерін анықтау, құқықтық ықпал ету, тұрғындарға үгіт-насихат шараларын жүргізу мақсатында 2015 жылдың 11 мамыр – 21 мамыр күндері аралығында облыс көлемінде «Қайыршы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның 4 күнінде учаскелік полиция инспекторларымен қоғамдық орында тиіскені үшін 127 азамат ұсталып, оның ішінде 8 азаматтың жеке басы анықталмағандықтан қабылдау-тарату орталығына және 10 жасөспірім бейімдеу орталықтарына жатқызылды. ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша барлығы 116 құқық бұзушыға әкімшілік хаттамалар толтырылып, 777935 (жеті жүз жетпіс жеті мың тоғыз жүз отыз бес) теңге айыппұл салынды.
Осы бағыттағы жұмыстар мамыр айының 21-не дейін жалғасатын болады. Іс-шараға 500-ден аса ішкі істер органдарының қызметкерлері жұмылдырылды.
Айта кетерлік жағдай, 2015 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы бойынша қоғамдық орындарда кәсіпкерлік негізіне жатпайтын қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, мазалап өтініш білдіру сынды әрекеттер үшін жеке тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Егер де осы әрекеттерді шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамдар жасаған жағдайда олар республика аумағынан әкімшілік жолмен шығарылып, 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі