АРАЛДЫҚ БАЛАЛАР ӨЗДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН КӨРСЕТТІ
Арал ауданында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жүзеге асыратын «Бақытты балалық» жобасының аясында «Ешкімнен кем емеспіз, барлығымыз - теңбіз!» тақырыбымен өнер фестивалі өткізілді. Онда мүмкіндігі шектеулі отыздан астам аралдық балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Аталмыш фестивалді өткізуге «Нұр Отан» партиясының аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығындағы бастауыш ұйымы және білім бөліміне қарасты педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті ұйытқы болды.
- Арал ауданында шамамен 500-дей мүмкіндігі шектеулі балалар тұрады, - дейді аудандық білім беру бөлімінің психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі Жанна Ибрайымова. – Балалардың мүмкіндіктері шектеулі болғанымен, көңіл түкпіріндегі армандары мен тілектері шексіз. Біз бұл балаларға үнемі қолдау көрсетуге тырысамыз, атап айтқанда, шығармашылық фестивальдар өткіземіз. Біздің бастамамызға үн қосып, көмек қолын созған, балаларға жүрек жылуын сыйлаған жандарға алғыс айтамыз.

Фестиваль барысында балғындар мың бұрала би билеп, музыкалық аспаптар тартып, әйнекке құмнан суреттер салып, әуезді әндерді нақышына келтіре шырқады. Жеткіншектер сахнада өнердің әлеміне еніп, өздерінің рухани, танымдық, шығармашылық жағынан мүмкіндіктерінің зор екендігін көрсетті. Және, үлкендердің айтуынша, бұл олардың қолдарынан келді де.
Шара барысында сөз алған «ПККР» АҚ мұнай компаниясының менеджері Хусайн Сәрсембаев фестивальдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын атап өтті. Ең бастысы, бұл көрініс қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік туғызды. Фестивальдің өткізілу деңгейіне жас өнерпаздардың ата-аналары да риза болды.
- Ата-аналардың атынан осы жобаның ұйымдастырушыларына науқас балаларға қамқорлықтары үшін алғыс айтамын, - дейді ата-ана Күлайша Сүлейменова. –Балалардың көңілдері көтеріліп, жандары жадыраса, олардың сахнада бар ынтасымен өнер көрсеткендерін көріп отырып, үлкендердің көзіне жас ұялады. Барлығына көрсеткен қолдаулары үшін ризашылығымыз шексіз.
Шараға арнайы келген мұнай компаниясының өкілдері балаларды құттықтап, барлық қатысушыларға «Көлжан» мұнай компаниясы тағайындаған бағалы сыйлықтарды тапсырды.
Әсет ЖАЙЛАУБАЙ
Суреттерді түсірген Андрей ТАЙГУНОВ.