ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНАН 12 КӘСІПКЕР ОҚУДАН ӨТІП КЕЛДІ
Елімізде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау арқасында шағын және орта бизнестің дамуына үлкен мүмкіндіктер жасалуда. Осы бағыттағы қолдаулардың бірі және басқарушылық негіздерін үйренуге болатын «Шағын және орта бизнес Топ-менеджментін оқыту» жобасы өзінің тиімділігін уақыт өткен сайын байқатып келеді.
Жоба Назарбаев университеті базасында Дьюк (АҚШ) Университетімен бірлесіп жүзеге асырылады. Аталған оқудан өткен қатысушылар «Іскерлік байланыстар» жобасының екінші кезеңі аясында Германия мен АҚШ елдеріне тегін іс-тәжірибелік сапарға баруға өтініш бере алады.
Қызылорда облысы бойынша жыл басынан бері 12 кәсіпкер жобаның қатысушысы атанып, үш күндік оқудан өтіп келді.
«Ұлан» ЖК директоры Ерлан Жабаевтың айтуынша, бизнесте мол тәжірибесі бола тұра, жоба аясында оқу оған өз пайдасын тигізді дейді. «Оқудан өтуге ешқашан кеш болмайды және өз біліктілігіңді арттыруға үнемі жұмыс жасап отыру қажет. Назарбаев Университетінде бізге аса маңызды болған ақпараттарды алумен қатар, кәсіпорынды басқару мен бизнесте стратегиялық шешімдерді қабылдау жолдарына үйретті. Өз бизнесімді жиһаз жасау бағытында сәтті жүргізіп келемін, өйткені тап осы сала елімізде қарқынды дамуда. Аймақта өзара бәсекелестік күн өткен сайын артуда және менің бәсекелестерім компаниямды нарықтан ығыстырып шығарып тастамас үшін, уақытында басқарудың тиімді жолдарын қалыптастыру мен маған және тұтынушыларыма ыңғайлы бағаны енгізу керек деп ойлаймын. Тренерлер бізге осы мәселенің шешімін табуға көмектесті және басқа да пайдалы кеңестер берді», - деді Ерлан.
Жобаға қатысушылардың арасында жас әрі перспективалы кәсіпкерлер де болды. Солардың бірі тасымалдау қызметі саласында кәсіп ашқан жеке кәсіпкер Сырлыбаев Дінмұхамбет. Ол 2014 жылы «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында оқудан өтті. Ендігі жерде бизнесі дамуының келесі кезеңі ретінде «ШОБ топ-менеджментін оқыту» жобасына қатысуын айтуға болады. Аталған жобаға қатыса отырып, кәсіпкер республиканың басқа аймақтарынан келген табысты кәсіпкерлерімен өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Үш күндік оқудың барлық қатысушылары кәсіпкерлік әлеуетті арттыруда мемлекеттің қолдауы аса маңызды екенін ескере кете, тегін оқудан өтуге мүмкіндік берген жобаға өз алғыстарын білдірді.