КІТАП КӨРМЕСІ ӨТКІЗІЛДІ
Кеше Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Шарада Департаменттің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикасы басқармасының басшысы Берік Байхожаев Департамент барлық азаматтық институттармен тығыз қарым-қатынас орнатып, жемқорлыққа қарсы барлығымыз қоғам болып қарсы шығу керек екендігін түсіндірді. Мұнымен бірге, көрме аясында қала оқушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпты қамтыған өз өлеңдерін оқуы ұйымдастырылды. Қатысушылар осындай шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.