ОРЫС ТІЛІ БІЛГІРЛЕРІНІҢ «ОЙ - САНА» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
2015 жылғы 14 мамырда Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен қазақ тілінде оқитын жастардың арасында орыс тілін таныту және оны оқуға ынталандыру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау, риторикалық дағдыларды, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру мақсатында «Ой – сана» облыстық байқауы өткізілді, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.
Байқауға Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандары мен Байқоңыр қаласының мектептерінен және Қызылорда қаласының арнаулы орта оқу орындарынан 16-22 жас аралығындағы 13 талапкер қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Қармақшы ауданы, №99 орта мектептің 10 сынып оқушысы Әбдусамат Ертілеуов І орынды жеңіп алса, Байқоңыр қаласы, № 14 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Анар Махшат ІІ орынды, Арал ауданы, № 13 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Бағила Әкиева мен Сырдария ауданы, О. Әбілпаттаев атындағы №210 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Назерке Балабекова ІІІ орынды өзара бөлісті.
Ал, Қызылорда медициналық колледжінің 2-курс студенті Алтынай Тұрсынқожа мен Байқоңыр қаласындағы № 5 және № 14 орта мектептерінің 10-сынып оқушылары Ақбота Мырзаева мен Аида Қапановалар ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Байқау жеңімпаздары басқарманың дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Облыстық байқаудың жеңімпазы қыркүйек айында өтетін республикалық байқауға қатысып, облыс намысын қорғайтын болады.