НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ!
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 06.04.2015 жылғы №1-5-128/121И санды нұсқауына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен, десаулық сақтау, білім беру орындарымен салауатты өмір салтын қалыптастыру орындарымен бірлесіп, мамыр айының 4-30 күндері аралығында облыс орталығында «Назар аударыңыз жаяу жүргінші» атты ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Қызылорда ҚІІБ Баспасөз қызметі.
Қызылорда ҚІІБ Жол патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен осы күнге дейін жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша 65 жаяу жүргіншіге әкімшілік хаттамалар толтырылып, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлдар салынды.
Қала көлемінде орын алған жол апаттарының басым бөлігі, яғни жол-көлік оқиғасының 60 пайызы жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерлерден жол үстін қиып өту салдарынан орын алуда.
Осы мақсатта, Қызылорда ҚІІБ Әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен жаяу жүргіншілер көп шоғырланған мектеп пен бала бақшалар және базар мен сауда орындарының жандарында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Қала көшелерінде 32 реттелетін жаяу жүргінші жолдары және 3090 реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолдарына қазіргі таңда қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен жаяу жүргіншілер сызықтары сызылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын тауып 30 мамырға дейін жүргізілетін болады.