ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДА БАЛАҒАТТАҒАНЫ ҮШІН 20 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Көпшілік жерде былапыт сөздер айтамын деп 20 мыңға жуық айыппұл төлемек. Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі «Орын –ай» ЖШС ғимаратында кент тұрғыны қоғамдық орында тұрғанына қарамастан былапыт сөздермен азаматтардың тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған. Бұл туралы Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазалы аудандық сотының қаулысымен тәртіп бұзушы азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған осы бап бойынша жаза ретінде он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 19820 теңге айыппұл салынды.