ІС БІТІМГЕРШІЛІКПЕН ҚЫСҚАРТЫЛДЫ
Байқоңыр қалалық сотында кәмелетке толмаған балалармен мүлікке келтірілген залалды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі.
Сот талқылауы барысында тараптар бітімгершілікке келіп, арызданушының автокөлігіне 60347 теңге көлемінде залал келтірген жасөспірімдер әр ай көрсетілген сомманы бөліп төлеуді міндетіне алды. Соған сәйкес, талапкер өзінің талап арызынан бас тартып, тараптар бітімгершілік келісімге келуді сұрады.
ҚР АІЖК 193-бабының 3-тармағына сәйкес «Талап қоюдан бас тартуды қабылдау, тараптардың бітімгершілік келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарым шығарады, сол арқылы осымен бір мезгілде іс бойынша іс жүргізу тоқтатылуға жатады».
Сот тараптардың бітімгерішік келісімін бекітіп, істі сот өндірісінен тоқтатты.