ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚ АЯСЫНДА ЖҮК ТАСЫМАЛЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ЕРЕЖЕ ШЫҚТЫ
Енді одаққа мүше мемлекеттерден елімізге айына бір рет қана тегін тауар тасуға рұқсат етіледі, деп хабарлайды КТК .
Бұл ереже тек қол жүгіне қатысты. Яғни, бұдан былай өзіңізбен бірге алған сөмкедегі заттың салмағы 31 келіден, ал құны мың еуродан аспауы тиіс. Ал, алдын ала жүк көлігімен немесе ұшақпен жіберген тауардың салмағы 50 келі, құны 10 мың еуро болуы қажет екен. Белгіленген мөлшерден асып кеткен жағдайда қосымша салық салынады. Мұндай шектеу Ресей мен Беларусьта да бар.
-31 келіден, 1 мың евродан асса, асқан сомадан 30 пайызын төлейді. Бірақ, мың евроның ішінде болып, салмағы асса, асқан салмақтан 1 кг-ға 4 евро төлейді. Бұл бұйрық тек қана жеке тұлға өзімен бірге тасып өткен тауарларға арналады. Интернет арқылы, почта арқылы тасылған тауарға қатысы жоқ,- дейді мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Жамбыл Сұрағанов.

Комментарии 17