ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨТКІЗІЛІП ЖАТЫРҒАН «ҚАЙЫРШЫ» ЖПІШ-НЫҢ 2 КҮНІНДЕ 48 АЗАМАТ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, облыс көлеміндегі қоғамдық орындар мен көпшілік қауым шоғырланған жерлерде кәсіпкерлік негізіне жатпайтындай мақсатпен табыс табумен, яғни бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру деректерін анықтау, құқықтық ықпал ету, іс-шараларға мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарды, жергілікті БАҚ өкілдерін кеңінен тарту арқылы тұрғындарға үгіт-насихат шараларын жүргізу мақсатында 2015 жылдың 11 мамыр – 21 мамыр күндері аралығында облыс көлемінде «Қайыршы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның 2 күнінде учаскелік полиция инспекторларымен қоғамдық орында тиіскені үшін 48 азамат ұсталып, оның ішінде 8 азаматтың жеке басы анықталмағандықтан қабылдау-тарату орталығына және 9 жасөспірім бейімдеу орталықтарына жатқызылды. ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша барлығы 42 құқық бұзушыға әкімшілік хаттамалар толтырылып, 188290 (жүз сексен сегіз мың екі жүз тоқсан) теңге айыппұл салынды.
Атап айтатын болсақ, 2015 жылдың 11 мамырында қала орталығындағы «Жаңа базар» аумағында «бал ашамын» деп өз қызметін күштеп таңып, халықтың мазасын алғаны үшін Б.А. есімді қала тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Дәл осындай дерек 11 мамырда орын алған. Тәжікстан республикасының азаматшасы қала орталығында орналасқан Ескі базар аумағында қайыр тілеп, халықтың мазасын алып отырғаны үшін ұсталды. Аталған азаматшаға қатысты әкімшілік хаттама толырылып, Қызылорда ҚІІБ-ның қабылдау-тарату орталығына жеткізілді.
Осы бағыттағы жұмыстары мамыр айының 21-не дейін жалғасатын болады. Іс-шараға 500-ден ішкі істер органдарының қызметкерлері жұмылдырылды.
Айта кетерлік жағдай, 2015 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы бойынша қоғамдық орындарда кәсіпкерлік негізіне жатпайтын қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, мазалап өтініш білдіру сынды әрекеттер үшін жеке тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Егер де осы әрекеттерді шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамдар жасаған жағдайда олар республика аумағынан әкімшілік жолмен шығарылып, 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі