БАТЫРХАН ШҮКЕНОВТІҢ ТУҒАН КҮНІНДЕ ОНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ АЛАҢДА ӨТЕТІН БОЛДЫ
Батырхан Шүкеновті еске алу кеші Республика Сарайы алдындағы "Абай" алаңында өтеді, - деп хабарлайды Алматы қалалық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, музыкант және композитор Батырхан Шүкеновтің туған күнінде оны еске алу кеші сағат 20.00-де басталады. Кешті Батырхан жақсы көретін ChickFlick тобы ашады, олар оның репертуарынан бірнеше ән орындайды, бұдан соң Республика Сарайының алдыңғы жағында "Батыр: Live" атты фильм-концерт көрсетіледі, оған әртістің өнер көрсетулері, достары мен жақындарына берген сыр-сұхбаттары, сахна сыртындағы сұхбаттары мен әншінің қысқаша түсініктемелері енген.
"Кеш өтетін күні "Абай" алаңына келетін барлық қалалықтан автокөліктерді бірнеше орам ары қалдырып, өткізілетін орынға (КИМЭП аялдамасы) қоғамдық, муниципалдық көлікпен жетуді өтініп сұраймыз. Сондай-ақ, қалалықтарға қолайлы болу үшін "Арман" кинотеатрының жанындағы тұрақ пен Республика Сарайының ақылы жерасты паркингі жұмыс істеп тұрады", - деп хабарлады басқармадағылар.
Еске сала кетейік, Батырхан Шүкенов 53-ке қараған жасында Мәскеу қаласында жүрек талмасынан қайтыс болды. Музыкантпен қоштасу 1 мамыр күні бір кезде орындаушының өзі шығармашылық жолын бастаған Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония ғимаратында өтті. Дәл осы күні митингіде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов әртістің туған күнінде еске алу кешін өткізу туралы мәлімдеме жасады. Ол кезде Есімов былай деген болатын: "Мен Батырханды жақын таныдым, оның өнерін, музыкант, ақын әрі композитор ретінде талантын жоғары бағаладым. Соңғы жылдары біздің арамызда ерекше жылы қарым-қатынас орнады. Бүгін біз онымен бұрын "Қазақконцерт" аталған, ол шығармашылық жолын бастаған мемлекеттік филармонияның қабырғасында қоштасып жатырмыз. Қазір көптеген ұсыныс келіп түсіп жатыр, оның барлығы қаралатын болады. Өз тарапымнан, 18 мамыр - оның туған күнінде Республика Сарайында оның шығармашылығына арналған концерт, еске алу кешін өткізу дұрыс болады деп ойламын. Батырхан Шүкенов қазақстандықтардың есінде мәңгі сақталады деп ойламын".