«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУДАН СӘТТІ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының талабына сай жоғары оқу орындары әр бес жыл сайын мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Аталмыш шара барысында студенттер кешенді емтихан тапсырады, университеттің оқу, әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстары тексеріледі. Сонымен қатар, оқу орнының кадрлық құрамының сәйкестігі мемлекеттік стандарттардың талабы бойынша анықталады.
Мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтуіміз ағымдағы мерейтойлық оқу жылының (БІЗГЕ 20 ЖЫЛ) маңызды оқиғасы болып табылады. 2015 жылдың 28-30 сәуірі аралығында тексеру жұмыстарын жүргізген ҚР БҒМ аттестациялық комиссия мүшелері ұжым жұмыстарына жоғары баға берді. Бакалавриаттың барлық 42, магистратураның барлық 6 мамандығы мемлекеттік аттестаудан сүрінбей өткендігін қуана хабарлаймыз. Бұл университетіміздің мамандар даярлаудағы жоғарғы көрсеткішке ие екендігін тағы да дәлелдегеніміз деп білеміз.
Үстіміздегі жылы Қазақ-Қытай Академиясының жабылуына байланысты студенттерінің басым бөлігі университетімізге ауысты. Академияның профессор-оқытушылар құрамынан ғылым докторлары мен кандидаттарын жұмысқа қабылдадық.
Өткен жылы құрамында 6 мыңнан астам студенті, 300-ден астам профессор-оқытушылар құрамы, 2 колледжі бар «Болашақ» университеті институтталған аккредитеттеуден сәтті өтіп, ол туралы куәлікті иеленген болатын.
Мұрат НАСИМОВ, саяси ғылымдарының кандидаты,
«Болашақ» университетінің тәрбие жұмысы және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры,
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы -2014» мемлекеттік грантының иегері