ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ КӨШЕГЕ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ
Қызылордада қала көшелерінің біріне Ұлы Отан соғысының қатысушысы, ҚР Прокуратурасының құрметті қызметкері Сәдуақас Қарамановтың есімі берілді, деп хабарлайды BNews.kz.
Осы оқиғаға байланысты Сәдуақас Қарамановқа арналған естелік тақтайшасының ашылу рәсімі өтті. Митинг ұйымдастырылып, онда ардагердің туыстары, прокуратура қызметкерлері, қоғам қайраткерлері жылы лебіздерін білдірді.
«Сәдуақас Қараманов нағыз батыр болған. Ол Арал ауданының шалғайда орналасқан Қарақұм ауылында туған және 1942 жылы жасөспірім кезіне майданға аттанған. Соғыста ол 311 атқыштар дивизиясы 3071 атқыштар полкінің пулеметшілер бөлімін басқарған. Ол қанқұйлы соғыстағы ерліктері үшін бірнеше орден, медальмен марапатталған», - деді Қызылорда әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.