ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚЫЗМЕТТІК-ІЗДЕСТІРУ ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 26 ҚЫЛМЫСТЫҢ БЕТІ АШЫЛҒАН
Қызылорда ОІІД Кинологиялық қызмет орталығы 2015 жылдың 4 ай көлемінде кинологиялық қызметті дамыту мен нығайтуда және қызметтік иттердің қолданылуын есепке алып, кинологтардың жұмыс нәтижелерін талдап, қызметтік-іздестіру иттерін қылмыспен күресте пайдаланудың тиімділігін арттыруда біршама жұмыстар атқарды.
Кинологиялық қызмет орталығының теңгерімінде 36 қызметтік-іздестіру иттері бар. 2015 жылдың 4 ай көлемінде қызметтік-іздестіру иттерді пайдалана отырып, 26 қылмыстың беті ашылып, оның ішінде бөтен мүлікті ұрлау қылмысы бойынша – 21 дерек, тонау, қарақшылық, кісі өлімі фактісі бойынша – бір-бір деректен анықталған.
Заңсыз есірткі айналымы бойынша қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 19 қылмыстың беті ашылып, нәтижесінде заңсыз айналымнан 1917,92 гр. марихуана есірткі заты алынған.
Сондай-ақ, қызметтік-іздестіру иттерінің ізкесушілік қасиеті де бар. Мәселен, 2015 жылдың 05 мамырында Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Жедел жоспарлау орталығының кезекші бөліміне 12 жасар жасөспірім қыздың жоғалып кеткендігі жайлы хабарлама келіп түседі.
Аталған хабарлама негізінде тез арада Қызылорда ОІІД басшылығымен жедел-іздестіру тобы құрылып, құрамына Кинология орталығының теңгеріміндегі қызметтік-іздестіру иттері енгізілген. «Рэм» қызметтік із кесуші иті жасөспірім қыздың жеке заттарындағы иісін алып, өзінің егесі полицей-кинолог полиция старшинасы Тажбенов Қаршығаны келесі көшедегі үйге алып келген. Сол үйдің ауласында орналасқан қосалқы үй-жайдан жоғалып кеткен қыз табылған.
Айта кетерлік жағдай, «Рэм» орыс спаниель тұқымдас иті Қызылорда ОІІД-де одролог есебінде қызмет атқарады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіЗаңсыз есірткі айналымы бойынша қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 19 қылмыстың беті ашылып, нәтижесінде заңсыз айналымнан 1917,92 гр. марихуана есірткі заты алынған.