ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНК ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бүгін бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай Бағдарламасын түсіндіру мақсатында ЕДБ директорларымен кездесу өтті.
Еске сала өтсек, Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған бірқатар салалық бағдарламаларды (оның ішінде «Бизнестің жол картасы 2020») біріктіру мақсатында, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР үкіметіне елдегі бизнес климатты жақсарту үшін Бірыңғай Бағдарлама құруды тапсырған болатын.
Шағын және моно қалалардың, ауыл мен кент орталықтарының кәсіпкерлеріне қаржыландырудың толық қолжетімді болуы жаңадан қабылдаған Бірыңғай Бағдарламаның негізгі мақсаты болып отыр.
Егер де бұрында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында бастауыш кәсіпкерлерге екінші деңгейлі банктерден несие рәсімдеу үшін «Даму» Қоры тарапынан жобаларға 70% кепілдендіру берілсе, ендігі жерде бастауыш кәсіпкерлердің 20млн. теңгеге дейін несиені алуына берілетін кепілдендіру – 85%-ға дейін артты. Сондай-ақ, шағын және моно қалалардың, ауыл мен кент орталықтарында бизнесін жүргізіп отырған кәсіпкерлерге салаларға шектеу алынып тасталды, бұл дегеніміз – кәсіп ашатын тұрғындар кез-келген саланы меңгеруге көмек алуға мүмкіндік бар. Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай Бағдарламасының тағы бір артықшылығы ауыл кәсіпкерлерінің несие пайыздарын мемлекет есебінен субсидиялау – жылына 10% болып белгіленді.
Алдағы уақытта банкке несие алуға құжат тапсырарда жеке кәсіпкерлік куәлігінің немесе заңды тұлға болып тіркелген күнінен бастап 3 жыл аралығында бастауыш кәсіпкерлер ретінде саналады. Осыдан бұрын старт-аппер болып несие тарихы жоқ және кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 1 жылға толмаған тұлғалар саналды. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына енгізілген осы және басқа да өзгерістер мемлекеттік бағдарламалардың сәтті жүзеге асуына үлкен үлес қосатын банктердің өкілдеріне жете таныстырылды. Кездесу соңында жергілікті банк өкілдері жаңа Бағдарламамен жұмыс жасауға дайын екендерін жеткізді.