ҒАРЫШ КЕМЕЛЕРІНІҢ АЛҒАШҚЫ ТОПТЫҚ ҰШЫРЫЛЫМЫНА 52 ЖЫЛ
Кеше «Восток-4» ғарыш кемесінің ғарышкер Павел Поповичтың «Восток-3» спутник-кемесімен бірігіп, әлемдегі алғашқы ұшырылымына 52 жыл толды. Адриян Николаевтың басқаруындағы «Восток-3» кемесі орбитаға тәулік бұрын жіберілді. Бұл туралы Роскосмос баспасөз қызметі хабарлады.
Ғарышкер А.Г. Николаев пен П.Р.Поповичтің бірігіп ұшқан сапарында ғарыштағы адамның ұзақ уақытқа салмақсыздануының денсаулыққа және психикалық ахуалына тигізетін салдарын айқындау жөнінде жаңа медико-биологиялық және ғылыми-техникалық зерттеу жүргізу керек болған.
Бірақ бұл ұшырылым ең алдымен орбитадағы ғарыштық құрылғылардың түйісуін ретке қойды. Топтық ұшырылымның сәтті орындалуы ғалымдарға, құрастырушыларға және ғарышкерлерге ғарышта жүрудегі уақытты ұзартуға, сонымен қатар ұзақ мерзімді орбитальды стансаларды орнатуға мүмкіндік берді.
Сапар кезінде «Восток-3» және «Восток-4» ғарыштық кеме араларына бірінші рет екіжақты радио байланыс орнатылды. Сонымен қатар алғашқы рет кеңестік теледидардан «Интервидение» жүйесі арқылы ғарышкерлердің кабина ішіндегі бейнетүсірілімі жасалды.
Шынар БЕКБАН