АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Ардагерлерді ардақтайық» атты арнайы шарасын ұйымдастырды. Бұл туралы облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шара барысында облыстағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қалалық әжелер ансамблі арнайы шақырылып, мешітте дастархан жайылып, Қасиетті Құран бағышталды. Ардагерлерге арналған аталмыш арнайы отырысты облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров ашып, ардагерлерге деген алғысын білдіріп, сый-сияпаттарын ұсынды. Ұлы Жеңісті жақындатып, қан майданда от кешкен ардагерлерге деген шынайы көңіл мен шексіз алғысты жеткізді.