МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАННЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ДАУ АЙТУ САНАТЫНДАҒЫ ІСТЕР БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ғ.Бекмамбетов жергілікті ақапарат құралдары және Қызылорда облысы прокурорының көмекшілері С.Серімбетов пен Б.Үсенұлының қатысуымен брифинг өткізді.
Брифингте мемлекеттік органның іс-әрекетіне дау айту санатындағы азаматтық істердің қаралуы жөнінде талқыланды. Жалпы 2015 жылдың басынан бұл санатта сотқа 13 талап арыз түсіп, оның ішінде 12-сі қозғалғалып, 1-уі кері қайтарылған.
Бұл санатта қоғамдық пікір тудырған «Петро Казахстан Кумколь Ресорсиз» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша салық департаментінің хабарламасына дау айту туралы ісі талқыланды. Іс құжаттарына қарағанда, Қызылорда облысы бойынша салық департаментінің 01.01.2009 жылдан 31.12.2012 жылдар аралығына жасалған кешенді тексеру нәтижесі бойынша 15.04.14 жылғы № 263 хабарлама берілген. Арызданушы хабарламаның 277 890 715 теңге көлеміндегі корпоративтік табыс салығы, 856 700 846 тенге өсімпұл, 4 774 365 958 тенге үстеме пайдаға салынатын салық, 4 058 200 көлемінде пайдалы қазбалар өндіру салығын салу жөнінде бөлігінің күшін жою жөнінде қарсылық білдіріп, арыз берген.
Бірінші саты соты барлық іс құжаттарымен танысып, ішінара қанағаттандыру туралы шешім шығарған. Екі тарап та шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Іс 2015 жылдың 26 наурызында апелляциялық алқада қаралып, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі өзгеріссіз, ал апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық
экономикалық сотының баспасөз қызметі