ҚАЗАҚСТАНДА БҮКІЛӘЛЕМДІК ТЕМЕКІСІЗ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АЙЛЫҚ БАСТАЛАДЫ
Қазақстанда ағымдағы жылғы 1 мамырда «Темекі бұйымдарымен заңсыз сауданы тоқтату» ұранымен Бүкіләлемдік темекісіз күніне арналған айлық басталады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Айлық шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде темекі бұйымдарын кәмелетке толмаған балаларға сататын орындарды анықтауға арналған рейдтер; медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарында медициналық және әлеуметтік қызметкерлерге, психологтарға арналған семинар-тренингтер; МСАК ұйымдарында, наркодиспансерлерде және студенттік емханаларда нарколог-дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер және психологтар кеңес беретін ашық есік күндері; темекі тарту проблемалары бойынша дөңгелек үстелдер мен дебаттар өткізіледі.
Темекі тарту - денсаулыққа зиян келтіретін елеулі қауіптердің бірі. Жыл сайын әлемде 5 млн.-нан астам темекі тартушылар мен бұрын шеккендер қайтыс болып, темекі түтінінің зиянынан 600 мыңнан аса темекі тартпайтын адам көз жұмады. Әрбір 6 секунд сайын темекіден 1 адам қайтыс болады, бұл - ересек адамдар арасындағы әрбір оныншы өлім. Темекі тарту проблемаларын шешу үшін 2003 жылғы мамыр айында Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясының 56-сессиясында Темекімен күрес жөніндегі Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының шектемелі конвенциясы қабылданды. Конвенция контрабанда, заңсыз өндіріс және қолдан жасауды қоса алғанда темекі бұйымдарымен заңсыз сауданың барлық түрлерін жоюды қарастырады. 2012 жылғы қараша айында халықаралық қоғамдастық Темекі бұйымдарымен заңсыз сауданы жою жөнінде хаттама қабылдады.
2014 жылы Қазақстанда темекі тарту туралы ересек тұрғындар арасында Global Adult Tobacco Survey (GATS) ғаламдық сауалнамасы жүргізілді. GATS – халықаралық стандарттар деңгейіндегі алғашқы ұлттық зерттеу. Оны жүргізу барысында ақпарат жинаудың электрондық жүйесі қолданылды. Сауалнама нәтижесі Бүкіләлемдік темекіге қарсы күрес күні қарсаңында ағымдағы жылғы 29 мамырда Астанада өтетін дөңгелек үстел барысында жарияланады. Сондай-ақ, зерттеудің негізгі нәтижелері қоғамдық денсаулықты нығайту және темекі түтінінен тұрғындарды қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру барысында ескеріледі.