ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД «ҮЗДІК» ДЕП ТАНЫЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАРДЫ МАРАПАТТАДЫ
Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен есірткіге қарсы фестиваль ұйымдастыру» тақырыбында сценарий әзірлеу облыстық шығармашылық жұмыстар сайысы өткізілген болатын. Сайысқа 53 оқушы, студент қатысып, дәлелді фактілерді қолдана отырып, белгіленген тақырыпқа қатысты ойларын нақты, дәл және көркем жеткізе білді.
ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрылған комиссияның шешіміне сәйкес, 53 байқауға қатысушының 19-ның шығармасы ерекше атап өтілді. Ал сайыс қорытындысы бойынша топтан оза шапқан Қармақшы ауданының Ақжар ауылы №28 орта мектебінің оқушылары Назерке Әділбекова, Алтынай Камалова, №105 орта мектебінің оқушысы Ақтолқын Исаева, ІІІ Интернационал ауылы №108 орта мектебінің оқушысы Аида Меңдібала, Қуаңдария ауылы №186 орта мектебінің оқушысы Ұлан Ильясов, №250 мектеп- лицейінің оқушысы Динара Жалғасбаева, Қызылорда қаласының «Мұрагер» мектебінің оқушысы Адина Серикова, №23 мектеп-лицейінің оқушысы Алина Жиынбаева, №264 орта мектебінің оқушысы Зухра Өмірзақ пен Зарина Өмірзақ байқау жүлдегерлері болып танылды.
Алайда, «жарыс болғаннан кейін жеңімпаздары да болады» демекші, ең үздік деп танылған сценарий авторы Қармақшы ауданы №111 мектеп оқушысы Ермухаммед Сыражов 1-орынды иеленсе, екінші және үшінші орындарды Қармақшы ауданы №107 орта мектебінің оқушысы Құралай Серікова мен Қазалы ауданы аграрлы-техникалық колледжінің студенті Айданай Иса теңдей бөлісті.
Осыған орай, 2015 жылдың 29 сәуірі күні 11.00-де Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің кіші мәжіліс залында үздік деп танылған жұмыс авторларын марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар департамент басшылығы тарапынан дипломдармен марапатталып, планшеттер естелік сыйлық ретінде ұсынылды.