АТБАСАР АУДАНЫНДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАР
ҚР ІІМ ТЖК Төрағасы В.В. Петровтың өкімімен, ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы (Қызылорда қаласы)» мемлекеттік мекемесінің 12 құтқарушы 4 бірлік техника, 2 үрлемелі қайық моторымен, қажетті авариялық құтқару құрал жабдықтарымен, Қызылорда облысы ТЖД «Суда құтқару қызметі» 10 құтқарушысы 2 бірлік техникамен Ақмола облысы, Атбасар ауданына шығып, 7-23 сәуір күндері аралығында су тасқынына қарсы іс шаралар жүргізді.
Атбасар ауданының Сепе және Заречный елді мекендерінде құтқарушылар тас жолдарды еріген су шайып кеткен жерлерінде тәуліктік кезекшілік жүргізді. Сонымен қатар су басқан жерлерден жергілікті тұрғындарды құтқарып, қауіпсіз жерлерге эвакуацияланды, үрлемелі қайықпен тасымалдады. Көкшетау қаласының «БВР ТЕХНО СЕРВИС» ЖШС-ның мамандарымен бірлесіп Жабай және Ішім өзендерінде кептеліп қалған мұздарды жару жұмыстарын жүргізді, сонымен қатар еріген судың кедергісіз өтуі үшін Жабай өзенінің жағаларындағы 7 гектар жердің талдарын кесіп тазалау жұмыстарын жүргізді.
Жабай өзенінде барлау жұмыстарын жүргізу барысында жасақ құтқарушылар суға батып бара жатқан елікті құтқарып алды, оны жағаға жеткен соң акт толтырып Ақмола облысының өсімдіктер және жануарларды қорғау қызметкерлеріне тапсырды.
2015 жылғы 21 сәуір күні жасақ құтқарушылары, Қызылорда облысы ТЖД СҚҚ-і және Атбасар ауданы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, Атбасар 2 қаласы, № 6 орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларына «Ашық есік күні» және ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуге үгіт-насихат жүргізіліп интерактивті сабақ өткізілді.
«ОӨАЖҚЖ» ММ