СОТТАР ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕГІ БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСТЫ
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Мейрамбек Ибрашев, судья Шалқар Қожантаев, отставкадағы судья Сарыбай Құрманбай облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тікелей эфирінде «Жаңа күн» ақпараттық-танымдық бағдарламасына қатысты. Бұл туралы Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Бағдарламаның тақырыбы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVI сьезінде сот жүйесін жетілдіру бойынша көтерген келелі мәселелері мен жаңадан қабылданған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің ерекшеліктері туралы болды.
Мемлекет басшысының «Нұр Отан партиясының XVI сьезінде сот жүйесін жетілдіру бойынша көтерген мәселелеріне сот төрағасы М.Ш.Ибрашев, жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің ерекшеліктерін судья Ш.Қожантаев атап көрсетіп, тікелей эфир барысында журналистердің сауалдарына жауап берді.
Сонымен қатар, сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, отставкаға шыққан, сот жүйесінің ардагері С.Құрманбай жұмыс атқарған жылдардағы сот жүйесі мен қазіргі сот жүйесінің өзгешеліктеріне тоқталды.